Маңғыстауда төрт күнде17 мас жүргізуші анықталды

15 Маусым 2022, 17:15
1556
Бөлісу:
Маңғыстауда төрт күнде17 мас жүргізуші анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Маңғыстауда “Қауіпсіз жол” ЖПІШ аясында 20-ға жуық мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жол апатының алдын алу және көлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру мақсатында облыс аумағында ағымдағы айдың 6-10 аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. ЖПІШ барысында тәртіп сақшыларының назары мас күйінде көлік жүргізу, маневр ережелерін бұзу және қарсы қозғалыс жолағына шығу сияқты ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтауға аударылды. Нәтижесінде, барлығы бес мыңға жуық құқық бұзушылықтар анықталды. 

Оның ішінде жалған мемлекеттік белгімен көлік басқарған жеті жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабының 4-бөлігімен хаттамалар жасақталса, осы баптың 7-бөлігі бойынша жүзден аса жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 369 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны, 500-ден астам көлік тізгіндеушінің қауіпсіздік белдігін тақпағандығы анықталды. 

Іс-шара басынан 17 жүргізуші көлікті ішкілікті күйде басқарған. Тағы тоғыз жүргізуші қарсы бағытқа шығып көлік басқарды және 200-ге жуығы маневр қағидаларын бұзды. 

Тәртіп сақшылары бағдаршамның тыйым салынған дабылын ескермеген тоқсаннан астам жүргізушіні ӘҚБтК-нің 599-баппен әкімшілік жауапқа тартса, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеген 142 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Авариялық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік кодекстің 606-бабы бойынша 22 хаттама толтырылды. Осы ретте жаяу жүргіншілер де құқық бұзушылықтарға жол берген. 

Атап айтсақ, жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуының 334 фактісі тіркелді. Бұл бойынша Ақтау және Жаңаөзен қалалары көш бастап тұр.
 

Өзгелердің жаңалығы