Маңғыстауда «Тәңір қызы» атты фильм түсіріледі

19 Тамыз 2022, 20:52
1582
Бөлісу:
Маңғыстауда  «Тәңір қызы» атты фильм түсіріледі

Маңғыстауда Қазақстан мен Францияның киномамандары бірігіп «Тәңір қызы» қысқаметражды фильмі түсіреді, деп хабарлайды  Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Фильмінің режиссёрі Дана Муса. Бұл оның  қоржынындағы үшінші фильм. Оған дейін, «Киелі би» және «Сақ амазонкасы» қысқаметражды фильмдері халықаралық кинофестивальдерде жақсы нәтиежелерге қол жеткізген. 

Қысқаметражды арт-фильмнің идеясы – кең байтақ қазақ даласында ертеде тараған тәңіршілдік діні және әйел адамның қоғамдағы орнын көрсетуге бағытталған. 

Фильм түсірілімі 21 тамызда басталып, бір аптаға созылмақ.  Осыған дейін түсірілген «Киелі би» фильмінің түсірілімі Маңғыстауда болған. Бұл жолы да түсірілім осы киелі далада өтпек. Екінші жобамызды да, бірінші жобадағы командамен бастап отырмыз. Фильм операторы Александр Мерфи де Маңғыстау өлкесінің сұлулығы қайталанбас, бірегей табиғат екенін айтып, таңғалды. Әлемнің біраз елін аралаған адамнан мұндай баға алу  мен үшін мақтаныш,- деді Дана Муса.

Фильмде кәрі шаманмен жас шаманның арасындағы киелі қасиеттерін беру, мұраға қалдыру туралы көрсетіледі.  Физикалық күшін жоғалтқан қарт бақсы өзінің салттық биін жас қызға береді. Осылайша, ол қыз рудың тарихын жалғастыра алады, ата-баба рухтарымен байланыста болады. 

Киноның Франциялық продюссері Себастьян Лаглездің айтуынша, фильмнің ұзақтығы 15-20 минут. Ал дайын фильм 2023 жылдың көктемінде көрерменге жол таратады. Қысқаметражды арт-фильм би саласындағы конкурстық кинофестивальдермен қатар,  музейде де ерекше лайф-перформанс нұсқада көрсетілмек.

Өзгелердің жаңалығы