Маңғыстауда мұғалім тапшы

24 Маусым 2022, 17:51
1762
Бөлісу:
Маңғыстауда мұғалім тапшы
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ   тілшісі.  Маңғыстаудағы  педагогтардың тапшылығын азайту үшін басқа өңірлерден мұғалімдер шақырылады. 

Қазіргі таңда облыста 229 педагог маманы жетіспейді. Кадр тапшылығы әсіресе облыс орталығы мен Жаңаөзен қаласында сезіліп отыр. Ақтауға-97, Жаңаөзенге-81 мұғалім керек. 

Ең қажетті мұғалім орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қазір облыс бойынша орыс тілі мен әдебиетіне оқытатын 96 маман керек. 

Тапшылықты жою үшін облыс мамандарды қабылауға дайын . Тек талапқа сай болса болғаны. 

Өңірге келіп жұмыс жасауға ниетті мұғалімдер іріктеледі. Яғни арнайы комиссия құрылып, үздіктер таңдап алынады. Қазір конкурс жарияланған. Мұғалімдерден құжат қабылдау 16-26 маусым аралығында жүзеге асырылады. Әзірге 13 өтініш келіп түсіпті. Ары қарай, ұстаздар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тестілеуден өтіп, эссе жазады. Соңғы шешім Оқу-ағарту министрлігімен онлайн өтетін әңгімелесуде қабылданады,-деді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Динара Жұмашева.

Іріктеуден өткен педагогтардың жалақысы жоғары болады. Негізгі айлыққа 150% үстеме қосылады.

Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіндер бойынша жоғары педагогикалық, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар  педагогтері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері де қатыса алады. 

Өзгелердің жаңалығы