Маңғыстауда көкөністердің бағасы төмендеді

22 Қазан 2020, 16:15
1149
Бөлісу:
Маңғыстауда көкөністердің бағасы төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда қазан айынан бастап көкөністердің бағасы төмендеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева мәлім етті.

Өңірде пияз – 2,4%, картоп – 3%, сәбіз – 5,7%, қызылша 2,2%-ға арзандаған.

Биыл қазан айында бағаның 1 – сұрыпты бидай ұнына – 0,5% - ға, қарақұмық жармасына – 1,6%-ға, 1 және 2 – санаттағы жұмыртқаға – 10%-ға, сиыр етіне (сиыр еті бөлігі) 101,1, шошқа етіне (шошқа еті бөлігі) 101%, шошқа етіне (жауырын бөлігі) – 102,6%, сүйектері бар қой етіне - 102,9%, қой етіне (сүйегі бар артқы бөлігі) – 102,2%, ультрапастерленген стерильденген сүтке -101,1%, сүзбе 5-9%, майлылығы -101,5%, алма - 103,2%, апельсин - 105,8%, майшабақ - 106,4%-ға, секер – 109,5%-ға, күнбағыс майы – 103,8%-ға өскені байкалды, - деді ол.

Қазан айының басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі алдын ала деректер бойынша 103%-ды; тауық еті (тауықтың бір бөлігі) 3,9%-ды, күнбағыс майы (7,9%-ды), картоп 2,1%-ды, басты пияз 1,9%-ды, қырыққабат 1,6%-ды, 1-санаттағы жұмыртқа 17,3%-ды, құмшекер 9%-ды құрады.


Өзгелердің жаңалығы