Маңғыстауда экс-подполковник шетел азаматынан пара алған

8 Сәуір 2023, 13:13
852
Бөлісу:
Маңғыстауда экс-подполковник шетел азаматынан пара алған
Фото: www.gov.kz

Маңғыстауда пара алды деп күдікке ілінген экс-подполковник сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі аудандық сотта Е-ге қатысты пара алу жөнінде ҚК 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралғанын айтты.

Сотталушы Е. Бейнеу ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі құқық қорғау органының қызметкері лауазымында бола тұра қасақана, пайдақорлық ниетпен Тәжікстан Республикасының азаматы А-ға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдау үшін, өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай шешімді қабылдауға ықпал етуге толықтай мүмкіндігі бола тұра, А-дан 300 АҚШ доллары көлеміндегі ақша қаражаттарын пара ретінде жеке өзі алған, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушы ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған параның 25-еселенген сомасы мөлшерінде 3 474 825 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Күзетпен ұстауда болған мерзімін есепке алып, түпкілікті 2 384 625 теңге айыппұл жазасы белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы