Маңғыстау облысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкері қаза тапты. Ер адам аялдама маңында жолдан өтіп бара жатқанда вахталық автобустың астына түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға сағат 11:30 шамасында Ақтау – Қаламқас тасжолының 170–171-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Daewoo автобусы Қаражанбас кен орнына қарай бағыт алған. Алған жарақаттарынан мұнайшы оқиға орнында көз жұмды.
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы қызметкерінің қаза болғанын растады.
Полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылған. Қазір тергеушілер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді полиция.