Маңғыстауда 20 жастағы жігіт 5-сынып оқушысымен кездеспек болған

11 Желтоқсан 2023, 11:45
5098
Бөлісу:
Маңғыстауда 20 жастағы жігіт 5-сынып оқушысымен кездеспек болған
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Маңғыстау облысының Батыр ауылында 20 жастағы жігіт 5-сынып оқушысына сексуалдық сипаттағы сөздер жазып, кездесуге шақырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы abdulla_kzkz телеграм-каналы жазды.

Белгілі болғандай, Батыр ауылында жиырма жастағы Талғат есімді жігіт бесінші сынып оқушысына WhatsApp арқылы "ойнауға тырысқан лосина киіп шықшы, киімсіз фотоңды жіберші" деген жаман сөздер жазып, кездесуге есігінің алдына дейін келген. 

WhatsApp арқылы қоймай жазып жүргенін байқаған анасы өз қызының атынан хат алмастыруды жалғастырады. Сөйтіп үйде ата-анам жоқ, есік алдына кел деп кездесуге шақырған. Талғат есімді жігіт оқушы қызбен кездесуге келгенде анасы видеоға түсіріп, бірден полиция шақырған. Оқушы қыздың телефон нөмірін қайдан алғаны белгісіз. Күдікті өз кінәсін мойындамай, басын алып қашуда. Қазіргі таңда анық қанығы тексерілуде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы