Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды

17 Наурыз 2023, 14:56
1020
Бөлісу:
Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Күн райының жылынуына байланысты Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз айының ортасынан бастап жолшы мамандар күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылған республикалық маңызы бар “Құрық-Жетібай” тасжолында асфальт төсеу жұмыстарын қолға алды. 

Жолдың жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайды. 

Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды

Күрделі жөндеу жұмыстарын жергілікті мердігер ұйым компаниясы атқарып жатыр. Биыл құрылыс жұмыстары тасжолдың екі учаскесінде жалғасады (0-40 шқ және 40-64 шқ аралықтары). Қолға алынған құрылыс жұмыстарына 120 маман мен 90 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жол III техникалық санатқа жатады. Өңірдегі Қарақия және Маңғыстау аудандарын жалғайды. Күрделі жөндеу жобасы аясында теміржол арқылы өтетін жол өтпесін салу көзделген, - делінген компания хабарламасында.

Жолшылар жол өтпесінің тірегін орнатты. Сонымен қатар, биыл күре жолға жақын жерде арнайы базаның құрылысы басталды. Жолдың қасында орналасқан арнайы база қысқы уақытта жолды уақтылы әрі сапалы күтіп-ұстауға мүмкіндік береді. Жол бойында жолаушыларға арналған демалыс алаңдары да салынады. 

Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды

Естеріңізге сала кетейік, күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталды. Жолдың 11 шақырымында жаңа асфальт төселді, 32 шақырымында жер төсемі орнатылды. Биыл 41 шақырым жолға жаңа асфальт төсеу көзделді.

Өзгелердің жаңалығы