Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жол учаскесі жабылды

20 Сәуір 2022, 15:35
1425
Бөлісу:
Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жол учаскесі жабылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында шаңды дауыл кесірінен жол учаскесі жабылды.

Маңғыстау өңірінде шаңды дауылдың соғуына және көріну қашықтығының төмендеуіне байланысты төмендегі республикалық маңызы бар тас жолдың учаскесінде автокөліктің барлық түріне уақытша шектеу енгізілді.

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының Шетпе-Жетібай» учаскесі км 643 -705

Штаттан тыс жағдай туындаса ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс жасайтын колл-орталығына хабарласу қажет. Байланыс нөмірі 1403.

Өзгелердің жаңалығы