Маңғыстау облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

10 Қаңтар 2023, 14:09
886
Бөлісу:
Маңғыстау облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстады. 

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы