Мәңгілік Ел даңғылы уақытша жабылды

13 Шілде 2022, 17:01
1422
Бөлісу:
Мәңгілік Ел даңғылы уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлім етті.

Осыған байланысты, 13-21 шілде аралығында Достық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы