Мамырдан бастап «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш» тас жолының учаскесі уақытша жабылады

19 Сәуір 2022, 15:35
1858
Бөлісу:
Мамырдан бастап «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш» тас жолының учаскесі уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 2 мамырдан бастап 25 тамызға дейін республикалық маңызы бар «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш» (22-24 шақырымдары аралығы) тас жолының учаскесі уақытша жабылады. Бұл Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының ("ҮАААЖ") құрылысына байланысты.

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы хабарлағандай, жабылған учаскені Қырғауылды елді мекеніндегі Көкдала және Іңкәрбеков көшелері, Райымбек елді мекеніндегі Сүйінбай және Наурыз көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жол полициясымен тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылып, тиісті жол белгілері, бағдаршамдар орнатылады.

Өзгелердің жаңалығы