Мамырда үйлердің бағасы қанша теңгені құрады?

8 Маусым 2021, 11:35
4541
Бөлісу:
Мамырда үйлердің бағасы қанша теңгені құрады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір айда (2021 жылғы мамыр 2021 жылғы сәуірде) жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары – 2,6%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7% жоғары болды.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаңа тұрғын үйлерді сату 2020 жылы 5%-ға өссе, биыл 8,3%-ға артқан. Ал абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 2020 жылы 13,2%-ға өссе, биыл 13,3%-ға қымбаттады. Сонымен қатар абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2020 жылы 8,1%-ға, биыл мамырға дейін 7%-ға қымбаттаған.

2021 жылы мамыр айында сәуірге қарағанда үйлердің бағасы төмендегідей қымбаттады:

1) Жаңа тұрғын үйлерді сату - 2,6%;

2) Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату - 0,9%;

3) Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі - 0,7%.

2021 жылы мамыр айында 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда үйлердің бағасы төмендегідей қымбаттады:

1) Жаңа тұрғын үйлерді сату - 8,3%;

2) Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату - 13,3%;

3) Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі - 7%.

2021 жылы мамыр айында 2020 жылдың мамыр айымен салыстырғанда үйлердің бағасы төмендегідей қымбаттады:

1) Жаңа тұрғын үйлерді сату - 11,8%;

2) Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату - 24,2%;

3) Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі - 11,2%.

Мамырда үйдің 1 шаршы метрінің бағасы:

1) Жаңа тұрғын үйлерді сату - 335 539 теңге;

2) Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату - 264 129 теңге;

3) Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі - 1 758 теңге.

Өзгелердің жаңалығы