Мамыр айында 4 мынан астам алтын құйма сатылды

27 Маусым 2023, 22:38
901
Бөлісу:
Мамыр айында 4 мынан астам алтын құйма сатылды

Биылғы мамыр айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 155,4 келі немесе 4 056 дана алтын құйма сатылды. Бұл туралы BAQ.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

Мамыр айында алтын құймалардың ең көп көлемі мына өңірлерге сатылды:

- Алматы (2 223 дана),

- Шымкент (582 дана),

- Қарағанды (341 дана),

- Астана қаласы (272 дана),

- Павлодар облысы (106 дана).

Мәліметке сәйкес, алтын құймалар 5 түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Сатып алушылар арасында 10 грамдық алтын құймалар өте жоғары сұранысқа ие. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 33 869 дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құймалар – 29 486 дана (23%), 100 грамдық құймалар – 26 753 дана (21%), 20 грамдық құймалар – 24 033 дана (18%) және 50 граммдық құймалар – 15 464 дана (12%).

«Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 4,4 тонна 129 605 алтын құйма сатылды», - делінген ҰБ ақпаратында.

Айта кетейік, алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

«Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 586,4 келі 22 553 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 17%. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады», - делінген ҰБ мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы