МӘМС-ке түскен барлық қаржы Ұлттық банкте сақталады

21 Қаңтар 2022, 12:12
2528
Бөлісу:
МӘМС-ке түскен барлық қаржы Ұлттық банкте сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай МӘМС үшін түскен барлық жарна аударымдары Ұлттық банкте сақталады. Осылайша, ол медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

2021 жылдың желтоқсан айында елордалықтар медициналық сақтандыру үшін  4,7 млрд теңгеден аса жарна аударды. Ал 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында МӘМС үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 42,5 млрд теңге жарна аударымдары түскен.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 желтоқсаны аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 100,6 млрд теңгеден асады.

2021 жылдың желтоқсан айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 4,7 млрд теңгегеден аса жарна аударғаны белгілі болды. Оның ішінде, жұмыс берушілердің аударымдары – 2,2 млрд теңгеден асады. Ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна  2,5 млрд теңгеге тең. Осы аралықта бірыңғай жиынтық төлем бойынша аударылған МӘМС жарналары 9 млн теңгеден аса соманы құрайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - дейді  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы