МӘМС-ке кірмеген 800 мың адамның жағдайы белгілі болды

Скрининг бағдарламалары жаңғыртылды.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 10:10
Бүгiн 2026, 10:10
206
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған Заң аясында биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап бұған дейін МӘМС жүйесіне кірмеген 800 мыңнан аса азаматтар сақтандыру мәртебесіне ие болды. Олардың жыл басынан 200 мыңға жуығы медициналық көмек алды, – дейді Әлназарова.

Скрининг бағдарламалары жаңғыртылып:

  • біріншіден жас шегі 70-тен 76 жасқа дейін ұлғайтылды;
  • екіншіден онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлығына қолжетімді болды;
  • үшіншіден инсультті ерте анықтау үшін жаңа скрининг енгізілді.

Бұл қосымша 300 мың адамды қамтуға мүмкіндік берді. Скрининг қорытындысымен 320 мың адам динамикалық бақылауға алынды, бұл көрсеткіштің 10%-ға жақсарғанын көрсетеді. Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау шамамен 35%-ға дейін өсті, тиімді зерттеулермен қамту 4%-дан 38%-ға дейін артты, – дейді Денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесіндегі ақауларды мойындаған еді.

Наверх