Мамин Үкіметтің отставка алдындағы соңғы отырысын өткізуде

12 Қаңтар 2021, 09:51
3647
Бөлісу:
Мамин Үкіметтің отставка алдындағы соңғы отырысын өткізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Асқар Мамин отставка алдындағы Үкіметтің соңғы отырысын өткізді. Отырысты ашқан премер-министр 10 қаңтарда өткен сайлау туралы айтты.

Елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихатының сайлауы өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев басшылық ететін Nur Otan партиясы сайлаудың алдын-ала қорытындысы бойынша 71 пайыздан астам дауыс жинап жеңіске жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Оtаn партиясының XVII съезінде жария еткен «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасына халық қолдау көрсетті. Бұл бағдарлама еліміздің орнықты әлеуметтік-эконмикалық дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттырумен байланысты, - деді Асқар Мамин. 
Айта кетейік,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кетуге тиіс екенін айтқан болатын.
Үкіметке қатысты айтар болсам, біздің заңнамамызға сәйкес, ол отставкаға кетуі тиіс. Сайлау аяқталғаннан кейін таяу уақытта Премьер-министрдің, сонымен қатар Үкімет мүшелерінің кандидатуралары бойынша депутаттардың жаңа құрамымен, фракция басшыларымен кеңесу үшін Парламентке барамын,- деген еді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы