Мамин қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

19 Сәуір 2020, 15:27
1596
Бөлісу:
Мамин қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық православтарды Пасха мерекекесімен құттықтады. 

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның православ христиандарын Жарылқаушы Христос мерекесімен құттықтаймын. Ұлы мереке Пасха тіршілік пен мейірімділіктің салтанатын, рақымдылықты, қайырымдылықты, рухани жаңғыруды білдіреді. 

Сенім адамдарды ізгілікке, игі амалдарға жетелейді. Қазақстанда Пасха - жасампаздық қуаты мол, православ христиандарын ғана емес, басқа діндердің өкілдерін де, тұтас халқымыздың басын қосып біріктіретін мейрамдардың бірі. 

Барлық қазақстандыққа шын жүректен мықты денсаулық, төзім, жасымас жігер мен жақсылыққа сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін!, - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы