Мамин мен Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты

10 Сәуір 2021, 14:03
2134
Бөлісу:
Мамин мен Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті маңында Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының (ХСЭЫО) құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты. 

Тараптар Қазақстанның Өзбекстанмен сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, туристік, ғарыш салаларындағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудағы, сондай-ақ аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығындағы өзекті мәселелерді талқылады. Автомобиль жасауда, АӨК өнімдерін қайта өңдеуде, сондай-ақ жоғары жылдамдықты «Түркістан-Шымкент-Ташкент» теміржол магистралын салуда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Келіссөз қорытындысы бойынша «Орталық Азия» ХСЭЫО қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына, сондай-ақ теміржол көлігін дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы хаттамаға қол қойылды. «Орталық Азия» ХСЭЫО «Жібек Жолы» (ҚР) және «Гишт Куприк» (ӨР) өткізу пункті ауданында орналасатын болады. Орталықтың жалпы аумағы – 400 га, өткізу мүмкіндігі 35 мың адамды және екі бағытта тәулігіне 5 мың жүк көлігін құрайды. Орталық Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен инвестициялық жобаларын іске асыру үшін ірі өнеркәсіптік және сауда-логистикалық алаңға айналуға арналған. Өнеркәсіптік кооперацияның неғұрлым перспективалы бағыттары өңдеу секторы, АӨК және жеңіл өнеркәсіп болып отыр.  

Мамин мен Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты

Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері өзара сауда-саттық деңгейін $10 млрд-қа дейін жеткізу міндеті бойынша жұмыс істеуде. Бүгін іске қосылатын жоба осы мақсатқа қол жеткізуге қызмет етеді және екі мемлекеттің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады, - деді Асқар Мамин. 

Қазақстан тарапы Өзбекстанның Сухандария және Ферғана облыстарында үш көтерме-тарату орталығын ашу арқылы ҚР мен ӨР арасында бірыңғай тауар өткізу жүйесін құруға қызығушылық білдірді, оның жалпы инвестиция көлемі $22,5 млн және ауыстырып тиеу қуаты жылына 67 мың тоннаны құрайтын болады.  


Мамин мен Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты

Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жаңғыртылған «Б. Қонысбаев» өткізу пунктіне барды. 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы желтоқсан аралығында жүргізілген реконструкциядан кейін оның құрылыс алаңы 2 есе 6 га дейін, қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 6-ға дейін, паспорттық бақылау кабиналарының саны 6-дан 16-ға дейін ұлғайды, заманауи инспекциялық-тексеріп қарау кешендері орнатылды. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде пункттің өткізу мүмкіндігі екі бағытта тәулігіне 150-ден 1 мың автомобильге дейін, 6 еседен астамға өсті, өту уақыты 60 минуттан 25 минутқа дейін 2 есеге қысқарды.


Өзгелердің жаңалығы