Мамин халықтың нақты табысын 5 пайызға өсіретінін айтты

21 Маусым 2021, 11:49
5300
Бөлісу:
Мамин халықтың нақты табысын 5 пайызға өсіретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 5 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкіметтің алдында экономика өсімін 3,5-4,0 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шараларын іске асыру міндеті тұр. Бұл халықтың нақты табысын 5% арттыруға мүмкіндік береді. Үкімет сонымен қатар 8 трлн теңгеге 415  инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отыр, - деді Асқар Мамин.

Ол 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 200 мектеп салу және 30 медпункт ашу, 6 мың шақырым автожол жөндеу және салу, халықты ауыз сумен қалада – 98 пайыз және ауылда – 91,8 пайыз қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.

Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін пайдалану үшін 1 050 шақырым каналды жөндеу жоспарда бар. Бұл суарылатын жерлерді 78 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы