Мамин азық-түлік бағасына жауапты министрлер мен әкімдердің орынбасарларын жазалауды тапсырды

18 Қараша 2019, 11:10
5180
Бөлісу:
Мамин азық-түлік бағасына жауапты министрлер мен әкімдердің орынбасарларын жазалауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға жауапты жергілікті және орталық органдар басшылары орынбасарларын жауапкершілікке тартатынын айтты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне аса назар аударды. Осы мәселеде тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан дұрыс бақылау мен үйлестірудің жоқтығын атап өтті. Жыл басынан бері барлық өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шектен 15% астам өсу байқалады. Жыл басынан бері келесі тауарлар ең жоғарғы баға өсімді көрсетті: қарақұмық жармасы – 62,9%, күріш – 32,3%, ұн – 27%, - деді үкімет басшысы.

Мамин өңірлер арасында ең жоғарғы баға өсімі Шымкент пен Қызылорда қалаларына тиесілі екенін, 19 тауардың 7-еуі қымбаттағанын айтты. Ал Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында 19 тауардың бесеуі қымбаттаған. Премьер-министр бағаның қымбаттауы іс жүзінде әкімдіктер, Ауыл шарушалығы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің жеткілікті жұмыс жүргізбей отырғанын көрсететінін айтты. 


Мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және ұзақ мерзімге арналған нақты шараларды әзірлесін. Роман Скляр (вице-премьер – авт), жұмысты басқаруды сізге тапсырамын. Премьер-министр кеңсесі екі-үш күн ішінде азық-түлік тауарлары бағасы өсімінің алдын алу мәселесіне жауап беретін Ауыл шарушалығы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы менің атымнан ұсыныс енгізсін. Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Жамбыл өңірлері әкімдерінің тиісті орынбасарларын белгілінген тәртіппен жауапкершілікке тартып, Үкіметті хабардар етсін, - деп тапсырды Мамин әріптестеріне.


Өзгелердің жаңалығы