Маман ұйықтар алдында қандай тағам жеп, салмақ тастауға болатынын айтты

31 Шілде 2021, 14:30
3399
Бөлісу:
Маман ұйықтар алдында қандай тағам жеп, салмақ тастауға болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эндокринолог-диетолог Анжелика Чиж салмақты жоғалту үшін аш қарынға ұйықтаудың қажеті жоқ деп сендіреді. Ұйықтар алдында не жеуге болатындығы туралы ол «Доктор Питер» порталына айтты.

Маман организмнің түн ортасына дейін денедегі майды жоятын гормон - соматотропин бөлніп шығарылатынын атап өтті.

Ол үшін тек тек екі нәрсе жасау керек. Бірінші ұйықтар алдында қайнатылған екі жұмыртқаның ағын жеу керек. Екіншіден кешкі 11-ге дейін ұйықтау керек. Таңертең таразыда минус 300 грамм көрсетіп тұрады, - деді ол.

Сондай-ақ, дәрігер диета кезінде де бас тартуға болмайтын тағамдарды атады. Ең алдымен, оларға құрамында ақуыз бар өнімдер кіреді: тауық еті, күркетауық еті, балық, жұмыртқа, майсыз ет. Олар сүйектер мен иммундық жүйені нығайтуға, теріні жақсартуға және гормонда үшін маңызды.

Сонымен қатар жемістер, бұршақ дақылдары, дәнді дақылдар мен көкөністерді жиі тағамға қолдануды ұмытпау керек. Эндокринолог су балансын сақтаудың маңыздылығын да еске салды.



Өзгелердің жаңалығы