Маман Каспий теңізі деңгейінің өзгеруі туралы айтты

6 Мамыр 2021, 18:41
2511
Бөлісу:
Маман Каспий теңізі деңгейінің өзгеруі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырауда Қашаған кен орнында тереңдету жұмыстары туралы онлайн дөңгелек үстел барысында NCOC мұз барлау және гидрометеорология бөлімінің бастығы Айнұр Әбуова айтты.

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бағытындағы теңіз деңгейі ерекше маңызға ие. Себебі судың тереңдігі 3 метрді ғана құрайды. Сондықтан теңіз деңгейінің кішкене өзгеруі Қашағанның шығысындағы теңіз жұмыстарына қатты әсер етуі мүмкін. NCOC компаниясы Каспийдің осы бағытында гидрометрология станцияларында барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Каспий теңізі әлемдік мұхит деңгейінен 28 метр төменде орналасқан, - деді ол.

Әбуова айтқандай, 2005 жылдан бастап су деңгейі өзгеріп отырған.

Зерттеу көрсеткендей, теңіз деңгейі жылдам өзгеріп отырады. 2013 жылдағы теңіз деңгейі лезде төмендей бастаған. 2017 жылы теңіз деңгейі көтеріледі деп күтілді. Соңғы 15 жылда жыл сайынғы теңіз деңгейі 1 метрге дейін төмендеп отырды. Ғалымдардың айтуынша, жаһандық жылыну теңіз деңгейінің төмендеуіне алып келді. Су деңгейін бақылаумен қатар Каспийдің солтүстік-шығыс бағытындағы теңіз деңгейінің өзгеруі бойынша зерттеу жүргіземіз. Егер теңізге түсетін су көлемі жоғары болса, теңіз деңгейі де артады. Егер су азайса, деңгей де төмендейді, - деді ол.

Әбуова соңғы жылдары өзендерден келетін қалыпты су деңгейіне қарамастан, теңіз деңгейі өспегенін айтты. Ол керісінше, төмендеп кеткен.

Теңіз деңгейінің деңгейіне қатысты болжамда 2040 жылға таман Каспий теңізінің деңгейінде - 2 метрге жетеді делінген. Бұл Каспий теңізі суының булануы мен өңірдегі жылынуға қатысты болып отыр, - деді ол.

Шара мемлекеттік орган өкілдерінің, ғалымдардың және өңір тұрғындарының қатысуымен өтті.


Өзгелердің жаңалығы