Малы қырылған фермерге өтемақы беріледі – Қасымбек

9 Шілде 2021, 17:57
2029
Бөлісу:
Малы қырылған фермерге өтемақы беріледі – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау ауданындағы өрттер сөндірілді. Енді екі апта ішінде залалды өтеу бойынша қажетті құжаттарды жинаймыз. Малы қырылған фермерге өтемақы беріледі, деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында.

Тәуелсіз сарапшылар бұл шаруа қожалығының шығындарын бағалайды. Бағалау қорытындысы бойынша оған нарықтық құнына сәйкес өтемақы төленеді. Ал жайылымдары мен шабындық жерлері өртеніп кеткен жер пайдаланушыларға біз бір жылға мемлекеттік қордағы жерлерді өтеусіз негізде бөліп беруге әзірміз, - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар ауданның көптеген фермерлері зардап шеккен жерлестерімен жайылым жерлерін бөлісуді ұйғарды. 

Барлық еріктілерге, ерікті өрт сөндіру құрылымдарына, ТЖД қызметкерлеріне және өрт сөндіруге қатысқан жергілікті тұрғындарға алғысымызды білдіреміз, - деді Жеңіс Қасмыбек.

Өзгелердің жаңалығы