Малдың санын азайтуға емес, көбейтуге жағдай жасауымыз керек – Қошанов

28 Желтоқсан 2022, 12:22
2672
Бөлісу:
Малдың санын азайтуға емес, көбейтуге жағдай жасауымыз керек – Қошанов

Малдың басын азайтуға емес, керісінше көбейтуге жағдай жасауымыз керек. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін өте өзекті мәселені қарадық. Себебі өңірлерді аралап жүрміз. Шынында да халықтың көтеріп отырған мәселе – жайылым жерлер. Миллион гектардан қайтарылып жатқан жерлерді интерактивті карта іске қосылғаннан кейін халық та, депутаттар да онлайн режимінде көре алады деп ойлаймын. Бірақ ең өзекті мәселе – ауылдардың жанындағы мал бағытын жайылым мәселесі. Бірінші кезекте барлығымыз бірігіп осы мәселені шешуге күш салуымыз керек. Тек қана әңгіме айтпай, нақты жұмыс істеуіміз керек. Жаз бойы депутаттар ауылдарды аралап, осы мәселенің шешіміні іздеді. Бірақ ол әлі жеткіліксіз. Сондықтан бүгін депутаттардың көтерген мәселесі дұрыс, - дейді палата басшысы.

Мәжіліс спикері мәселені шешуге барлық жауапты орган, сарапшылар барынша атсалысуы керегін айтты.

Әлі көптеген ауыл осыдан қиянат көріп отыр. Ондаған жыл бойы қордаланған мәселе бір жылда шешіліп кетеді деп айтуға болмайды. Малдың басын азайту үшін емес, керісінше көбейту үшін жағдай жасауымыз керек. Жағдайды қалай жасаймыз? Ол үшін жайылым жерді беруіміз керек. Министрліктің бүгін істеп жатқан жұмысы жеткіліксіз деген пікірге мен де қосыламын. Бірақ істеп жатқан жұмысты да көрсете білу керек, - деп толықтырды Қошанов Мәжілісте.

Қошанов қайтарылған жерді әр азамат көре алуына жағдай жасау керек деп есептейді. Ол атап өткендей, технологияның мүмкіндігі жеткілікті.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Жоба жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндама жасады. 

Заң жобасының мақсаты - жер қатынастары саласында азаматтарға қызмет көрсету кезінде және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын салалық заңнамаға сәйкес келтіру кезінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін күшейту.

Өзгелердің жаңалығы