Мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге бөлінді

Мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге бөлінді
901

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында мәлімдеді.

Асқар Ұзақбайұлы, жоспарланған барлық индикаторларды орындауға барлық қажетті ресурстар жеткілікті. Үкіметтен дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мал шаруашылығын және инвестициялық салымдарды субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге және АӨК саласын несиелендіруге 400 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді – деді министр.

Сонымен қатар министр шетелдік компаниялардың шошқа етінің өндірісіне инвестицияларды салуға қызығушылықтары артып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар министр шетелдік компаниялардың шошқа етінің өндірісіне инвестицияларды салуға қызығушылықтары артып отырғанын атап өтті.
Қазіргі таңда қуаттылығы 187 мың тонна болатын 11 жоба жүзеге асыру және жобалау кезеңінде. 6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көпшілігінде жеке инвестициялар. Жалпы аталған жобалар есебінен жақын жылдары өндіріс көлемдерін 2,7 есе арттыру жоспарлануда. Инвестициялар көлемі 271 млрд теңге. Қосымша 3,8 мың жұмыс орыны ашылады – деді ол.

Министрдің айтуына қарағанда, құс етін өндіруде былтырғы жылы 1 жаңа құс фабрикасын және 5 жобаны жаңғырту арқылы құс етінің өндірісі 14%-ға (223 мың тоннаға дейін) өсімі қамтамасыз етілген.
Дегенмен импорт үлесі 45%. Бұл ретте құс етін өндіру бойынша жаңа қосымша өндіріс қуаттарын іске қосу арқылы импорт алмастыру шаралары жалғасатын болады. Орташа мерзімдегі перспективада өндіріс қуаттылығы 174 мың тоннаны құрайтын 12 бройлерлік құс фабрикаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Осы шаралар есебінен және құс фабрикаларының қуаттылығын толық жүктеу арқылы құс етінің өндірісі 2,2 есе өсетін болады. Бастапқы инвестициялар 110 млрд.тг құрайды және 4,7 мың жұмыс орыны құрылады – деді Сапархан Омаров.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы