Мал ұрлағандар қанша жылға сотталады?

8 Қыркүйек 2020, 12:48
2762
Бөлісу:
Мал ұрлағандар қанша жылға сотталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық салада жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту жөнінде Президент Жолдауын іске асыру бойынша өткен онлайн конференциясында айтты.

Ауыр қылмыстың қатарына жататын тағы бір қылмыс – мал ұрлығы. Президент бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Мал бүгінде халықтың байлығы емес, ол тіршіліктің көзі. Қазақ амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп сұрайды. Оның мағынасы зор. Себебі қарапайым қазақ аздаған малымен жан бағып отыр. Соңғы жылдары бұл кәсіпке айналып, ұйымдасқан қылмыс түріне айналды. Сондықтан қылмыстық кодекске «мал ұрлығы» деген жеке бап қостық. Ол нәтижесін беріп жатыр. Қазір мал ұрлығы 24 пайызға азайды, - деді ол. 
Ахметжанов атап өткендей, жазаны ауырлату мен татуластыққа тыйым салу ұрлыққа мықты тосқауыл болып отыр. 
Биыл Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 5 адам ұсталды. Олар 200-ге жуық ірі қараны ұрлап, ауыл адамдарына миллиондаған шығын келтірген. 1 қыркүйекте сот «мал ұрлығы бойынша» сол 5 адамды әрбіреуін 8 жылға бас бостандығынан айырды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы