Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады

1 Қараша 2023, 20:34
690
Бөлісу:
Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен бірге «Этноауыл» ұлттық көрмесін аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына орай халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылды. 

Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады

Мемлекеттер басшылары бастаған делегацияны көрме алаңында Жас көрермендер театрының әртістері мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі ән шашумен қарсы алды. 

Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады
Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады

Франциядан келген жоғары мәртебелі меймандар жеміс-жидекпен безендірілген «Көк базарды», қолөнер бұйымдарын және қазақ суретшілерінің картиналарын, сондай-ақ отандық дизайнерлер әзірлеген ұлттық сән үлгілерінің дефилесін тамашалады. 

 

Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады

Сонымен қатар шетелдік қонақтарға Ұлттық музей қорындағы экспонаттардан («Алтын адам», «Берел жылқысы», «Сармат көсемі», «Қыпшақ жауынгері» т.б) жасақталған «Ұлы дала алтыны» экспозициясы, Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайдағы ұлттық музыкалық аспаптар таныстырылды. 

Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады

Этноауыл аумағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронға балуандарымыз қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, жас жеткіншектер асық ойынын, ал саятшылар мен құсбегілер тазы иттері мен қыран құстарын көрсетіп, халқымыздың аңшылық дәстүрі туралы әңгімелеп берді.

Макрон мен Тоқаев қазақтың ұлттық ойынын бірге ойнады
Өзгелердің жаңалығы