Махамбет Досмұхамбетов «Үздік іскер-шаруа әкімді» қабылдады

9 Қазан 2020, 22:00
1434
Бөлісу:
Махамбет Досмұхамбетов «Үздік іскер-шаруа әкімді» қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов биыл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған ауыл әкімін қабылдады. 

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевті «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясына ие болуымен құттықтап, аймақтың мерейін  асырғаны үшін Алғыс хат табыс етті. 

«Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы биыл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған болатын. Негізгі  мақсаты - ауылдық елді мекендердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосып отырған үздік ауыл әкімдерін анықтау. Аталған жарысқа  өңір атынан қатысқан Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиев «Үздік іскер-шаруа әкім» номинациясына ие болды.  

«Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы елімізде алғаш рет өткізіліп отырған маңызды дода. Сізді жоғары деңгейде ұйымдастырылған осындай айтулы шарада бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ, өңір абыройын асқақтатып, тек облысымыздың ғана емес, республикалық деңгейде мемлекеттік қызметшілерге үлгі көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіремін. Байқауға ұсынған «Құмды аймақтарда мал шаруашылығын дамытудағы су мәселесі» туралы жобалық-жоспарыңыз расында өңірімізге ғана емес, елімізге керекті маңызды жобалардың бірі деп есептеймін, - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Өзгелердің жаңалығы