МакГрегор - Серроне жекпе-жегін қайдан көруге болады

14 Қаңтар 2020, 03:38
1404
Бөлісу:
МакГрегор - Серроне жекпе-жегін қайдан көруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан уақытымен 19 қаңтар күні таңертең UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор америкалық Дональд Серронемен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы айқас UFC 246 турнирінің басты шарасы аясында Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Qazsport телеарнасы жекпе-жек кеші жайлы анонс жасады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:00-де басталады. Макгрегор - Серронe жекпе-жегі шамамен 09:00-де басталады.

Еске салайық, Конор МакГрегор соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың қазан айында өткізіп, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан ұтылып қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы