Макао тұрғындары Димаш Құдайбергенді жылы қарсы алды

21 Қазан 2023, 10:15
649
Бөлісу:
Макао тұрғындары Димаш Құдайбергенді жылы қарсы алды
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Макаодағы "Popular Movies Greater Bay Area Concert 2023" атты музыкалық гала-концертте өнер көрсететін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Макао әуежайына ұшып келіп келген сәтінің видеосын жариялады.

Видео сипаттамасында әнші: "Макаоға келдік. Ертең концертте көріскенше, dears" деп жазды.

Жанкүйерлер оны жылы қарсы алып, қуаныштарын білдірді. Өз кезегінде әнші оларға "рақмет" деп, өз алғысын жеткізді.

Әуежайдан Димаш Құдайбергеннің бірден концерт дайындығына аттанғаны да белгілі.

Өзгелердің жаңалығы