Махамбет ауданында тасқынға байланысты ахуал тұрақтанып келеді

13 Маусым 2024, 16:07
280
Бөлісу:
Махамбет ауданында тасқынға байланысты ахуал тұрақтанып келеді
VIDEO
Фото: Скрин

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн сайын су деңгейі 2-3 сантиметрден түсіп келе жатыр. Қазіргі уақытта 4-5 ауылда қауіп бар. Атап айтқанда, Талдыкөл, Алға, Сарайшық, Таңдай, Еңбекшіл ауылдарында кезекшілер тәулік бойы жағдайды бақылауда. Ауылдарды су басудан шыны керек, қорғаныс бөгеттері қорғап тұр,- деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Айта кету керек, Махамбет ауданында Жайық өзенін жағалай орналасқан 17 елдімекен бар. Тасқынның алдын алу мақсатында 100 шақырымнан астам бөгет салынды. 13 маусым сағат 12.00 жағдай бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі 9 метр, 77 см көрсетіп тұр. 

Махамбет ауданы бойынша қауіпті су деңгейі 8 метр, 50 см.

Өзгелердің жаңалығы