Мағжан Шамшадин алтын алды

16 Маусым 2023, 18:29
1038
Бөлісу:
Мағжан Шамшадин алтын алды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Елордада тұңғыш рет өтіп жатқан “Grand Slam” турнирінде Мағжан Шамшадин жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дзюдодан өтіп жатқан Халықаралық жарыста 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Мағжан Шамшадин финалға жолдама алған еді.

Мағжан алғашқы кездесуінде Әзірбайжан спортшысы Назир Талибовты жеңді. Келесі белдесуінде Бахром Ботуровты (Өзбекстан) иппон ұпайымен жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда тәжікстандық Мерзод Суфиевтен басым түсті. Финалда Франция балуаны Седрик Револды жеңіп, чемпион атанды.

Өзгелердің жаңалығы