Магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркелді – СТӘЭ

21 Наурыз 2023, 17:15
1064
Бөлісу:
Магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркелді – СТӘЭ
Фото: almaty.tv

21 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 13:25-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция сайты ақпарат берді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 877 шақырым жердегі Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3. MPV магнитудасы 4,8. Эпицентр координаты 36,92° с. 70,69° шығыс. Тереңдігі 160 км, - делінген хабарламада.  

Өзгелердің жаңалығы