Маған атағы жоқ боксшылар қажет емес – Әлімханұлы

26 Тамыз 2021, 09:48
2609
Бөлісу:
Маған атағы жоқ боксшылар қажет емес – Әлімханұлы

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) тағы да титулдық жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Маған тек чемпиондық жекпе-жек керек, Басқасы маған қызық емес! Мен WBO рейтингінде екінші орында тұрмын. Мен кез келген чемпионды жеңемін. Жыл соңына дейін чемпион болуым керек. Маған атағы жоқ боксшылар қажет емес. Мен бұрынғы әлем чемпионын жеңгенмін, - деп жазды Әлімханұлы.
 



Маусым айында өткен соңғы жекпе-жегінде қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы АҚШ-тан Роб Брантты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңіп, нокдаунға жіберген болатын.


Өзгелердің жаңалығы