Мадина Сәдуақасова: Өзім жайлы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөз естідім

2 Ақпан 2024, 13:01
11144
Бөлісу:
Мадина Сәдуақасова: Өзім жайлы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөз естідім
VIDEO
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

2014 жылы тұрмысқа шыққан Мадина Сәдуақасова "жас баланың басын айналдырғышқа" айналып, өмірінде алғаш рет көп жаман сөз естігенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында әлеуметтік желісіне той көйлегімен түскен фотосын салған әнші "Жақында той болады" деген жазба қалдырып, жұртты ойландырып қойған еді. Бүгін эстрада жұлдызы үйленгендеріне он жыл болғанын хабарлап, әсерлі видеомен бөлісті.

2 февраль 2014 жылы мен резко "кәртидім", "жас баланың басын айналдырғышқа" айналдым. Өйткені "өзімнің теңіме шықпадым". Сол кезде өзім жайлы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім) 10 жыл өтті! "Қандай жарасымды жұп!", "Енді "тойға неге Олжаспен бармайды!", "Неге күйеуін Инстаға салмайды"️ деп жазады. Уақыт-ай ! Тез-ақ өтіп кетеді екен ғой?! Құтты болсын, 10 жылдық!, - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова осыдан 10 жыл бұрын режиссер Олжас Смағұловпен отау құрды. Қазір олардың Әнуар есімді ұлы бар.

Өзгелердің жаңалығы