Мәдениет министрі кеңесшісі туралы ақпаратты жоққа шығарды

10 Тамыз 2023, 19:37
549
Бөлісу:
Мәдениет министрі кеңесшісі туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Әлеуметтік желіде мәдениет және спорт министрінің ақпараттық жұмыс бойынша кеңесшісі бар екендігі туралы жалған ақпарат тарап, оның автокөлік сатып алуына қатысты сұрақтар туындауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін мәлім етті.

Айтуларынша, ақпараттық жұмысты министрліктің баспасөз хатшысы ғана қадағалайды.

Мәдениет және спорт министрінің ақылы/ақысыз негізде кеңес беретін штаттық/штаттан тыс ақпараттық жұмыс бойынша кеңесшілері жоқ екенін атап өтеміз. Ақпараттық жұмысты министрліктің баспасөз хатшысы ғана қадағалайды. Сырттан адам тартуға қаражат бөлінбейді. Ақпараттандыру және ақпаратқа әрекет ету бойынша барлық жұмысты тек мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жүргізеді. Біз зияткерлік еңбек туралы айтып отырғандықтан аталған мәселені нақтылау маңызды деп санаймыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы