Әуелі – Made in Kazakhstan!

4 Мамыр 2020, 21:52
1499
Бөлісу:
Әуелі – Made in Kazakhstan!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теміржолшылар отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуші ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құрушы.
 

Осылайша шағын және орта бизнеске пәрменді қолдау мен тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыруда.

Қазақстандық шағын және орта бизнесті қолдау тақырыбы қазіргі кезде бұрынғыдан да маңызды. Пандемия Қазақстан экономикасы ахуалын қиындатып жіберді, тек өзара қолдау ғана қазіргі кездегі жаңа қауіпті еңсеруге көмектесе алады.

 

Биыл отандық тауар өндірушілер жылы деп танылса, осымен байланысты сатып алуларды регламенттейтін құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілді. "Қарапайым заттар экономикасында" белгіленген тізім  бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тек отандық өндірушілерден сатып алу туралы үкіметтік деңгейде тапсырма берілді, - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Саят Құрманов.

 

Оның құрамына жеңіл, тамақ, құрылыс және жиһаз өндірісі салалары кіріп отыр. Биыл ҚТЖ компаниялар тобында "Қарапайым заттар экономикасы" тізімі бойынша отандық тауар өндірушілермен жалпы 4,5 млрд теңгеден астам сомаға келісім-шарттар жасалған немесе аталған тізім бойынша барлық сатып алулардың 96%-не тең.

Саят Құрмановтың сөзіне қарағанда, коронавирус пандемиясы мен еліміздегі қалыптасқан экономикалық ахуалды есепке ала отырып, қор мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы сатып алулардағы жергілікті құрам үлесін қамтамасыз етуде отандық тауар өндірушілерді 100% қолдау туралы шешім қабылданды.

Ұлттық тасымалдаушының көмегімен отандық тауар өндірушілер – жеткізушілер алдында келісім-шарттарды орындау жөніндегі қарыздар толық өтелетін болады. Сондай-ақ төтенше жағдайлар шеңберінде жеткізілген тауарлар төлемі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

Отандық тауар өндірушілермен келісім-шарттар жасасу кезінде бизнеске қойылатын кері талап, сатып алулары 500 млн теңгеге дейінгі жеткізушілер қазіргі бар жұмыс орындарын сақтауға міндетті болып табылады. Ал 500 млн теңгеден жоғарыдағылары – жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олар тауарлардың шығу жері сертификатпен расталған жергілікті құрам үлесін орындауды қамтамасыз етулері қажет – дейді Саят Құрманов.

 

Жергілікті жеткізушілер үшін экономикадағы жағымсыз құбылыстармен байланысты келісім-шарттардың орындалмауы, "Сенімсіз жеткізушілер тізіміне" сол мердігерлерді қоспау және айыппұл санкцияларын алмау фактісі маңызды болды.

 

2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерге қатысты 58 келісім-шарт бойынша  жеткізушілерде, мердігерлерде 18 005 жұмысшы бар болыпты. 2020 жылдың 1 сәуірінде олардың саны 335 артқан және де 18 340 жұмысшыны құраған. Қосымша тағы шамамен 1 мыңдай жұмыс орының құру жоспарланып отыр, - деп атап көрсетті ол.

 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ тек осы күрделі кезде ғана емес, бұрын да отандық өнім өндірушілерді қолдап келді. Сонымен, 2019 жылы жоспарланған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердегі қазақстандық құрам үлесі 75% болса, факті бойынша атқарылған  келісім-шарттар 79% жетті.

Мамандардың айтуынша, бүгінде Сатып алулардың жылдық жоспары 593 млрд теңгені құраса, соның ішінде 435 млрд теңгелік келісім – шарт жасалып та қойылған. Бұл ретте жеткізілген тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жергілікті құрам үлесі  75% асады.

Өзгелердің жаңалығы