Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадагаскар жағалауында жүк кемесінің апат болуынан қаза тапқандар саны 64-ке жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Агенттік дерегінше, тағы 24 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Дүйсенбі күні Agence France-Presse 17 адамның көз жұмып, тағы 60 адамның жоғалғанын мәлімдеген болатын.
Бұған дейін Мадагаскарда тікұшақ апатынан кейін төрт адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді.