Маңғыстауда шенеунік жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді

7 Ақпан 2020, 10:00
1042
Бөлісу:
Маңғыстауда шенеунік жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада. 
Ол азаматтардан мүгедектікті беруді заңсыз жеделдеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктелуде.

Күдіктінің кінәсін мойындап, қорғаушының қатысуымен келу туралы жазбаша міндеттемені алғаны үшін процессуалдық ұстау қолданылмады.

 

Өзгелердің жаңалығы