Маңғыстау облысының оқушыларына 1000 дана ноутбук берілді

22 Қыркүйек 2020, 13:39
1348
Бөлісу:
Маңғыстау облысының оқушыларына 1000 дана ноутбук берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының оқушыларына пайдалануға жаңа 1000 дана ноутбук таратылды. Бұл туралы Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева мәлім етті. 

Түпқараған ауданы бойынша 11 білім беру ұйымдарында 8776 оқушы қашықтан білім алуда. Білім беру процесін сапалы жүзеге асыру үшін компьютерлер мен ноутбуктер интернетке қолжетімді болуы тиіс. Бұл бағытта барлық оқушылардың мүмкіндіктеріне талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1494 отбасында 3873 оқушыға 1724 компьютер құрылғысы қажет екендігі анықталды. 

Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен соң, алдыңғы оқу жылының соңында мектеп бюджеті есебінен 53 (ноутбук, смартфон) құрылғы алынып, уақытша пайдалануға берілді. Ал демеушілердің көмегімен 25 смартфон, 9 ноутбук, 8 теледидар сыйға тартылды. Мектептер теңгеріміндегі 315 (192 ноутбук, 123 дербес компьютер) компьютерлер де уақытша пайдалауға берілді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет есебінен 1000 дана ноутбук сатып алынып, аз қамтылған көп балалы отбасы балаларына, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және инклюзивті бағытта білім алатын оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. 1000 дана ноутбуктің әр оқушыға тиісті деңгейде үлестірілуін аудандық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері тікелей бақылау жүргізді, - деді Айбаршын Утесбаева.  

Алдағы уақытта да оқушылардың қашықтықтан оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі бақылауда болады. 


Өзгелердің жаңалығы