Маңғыстау облысында мешіт жамағаты кейуанаға үй салып берді

28 Қараша 2019, 23:23
4482
Бөлісу:
Маңғыстау облысында мешіт жамағаты кейуанаға үй салып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы мешіттерінің ұйытқы болуымен Мұнайлы ауданы Батыр ауылында тұратын кейуана Алуаш Серікбаева үйлі болды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

Дәлірек айтқанда, мешіт жамағаты қарт әжейге үй салып берді. Үйдің кілті Мәуліт мерекесінде табысталды. Ал баспана құжатын ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев табыстады.

Діни басқарманың басты 4 жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Біз осы анамыздың әлеуметтік жағдайын ескеріп, мешіт жамағаттарының атсалысуымен үй тұрғызып бердік. Үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын. Бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз, - дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.

Айта кетсек, бұл – ҚМДБ "Зекет" қоры атынан берілген 156-баспана. 

Өзгелердің жаңалығы