Мұғалім мәртебесі. Заңның қашан қабылданатыны мәлім болды

10 Қаңтар 2019, 18:25
5209
Бөлісу:
Мұғалім мәртебесі. Заңның қашан қабылданатыны мәлім болды
PHOTO

Астана, baq.kz тілшісі. «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» заң 2019 жылдың маусым айында қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.

Мұғалім мәртебесі. Заңның қашан қабылданатыны мәлім болды

Алдымен вице-министр қазіргі таңда аталған заңның мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің келісімінен өтіп жатқанын атап өтті. 

Мұғалім мәртебесі. Заңның қашан қабылданатыны мәлім болды

Осы орайда ол мұғалімдерден ұсыныс қабылдау жұмысы да жалғасып жатқанын жеткізді 

Мұғалім мәртебесі. Заңның қашан қабылданатыны мәлім болды

Оның айтуынша, аталған заң жобасы ақпан айында Мәжілістің қарауына жіберіледі. 

«Ақпан айының басында заң жобасы Мәжіліске енгізіліп, онда депутаттар құжатты ары қарай өңдейді. Содан кейін Сенаттың қарауына өтеді. Ал маусымда еліміздің Президенті аталған заң жобасына қол қояды. Оған дейін 300 мың педагог оны тыңғылықты оқып, зерделеп, өз ұсыныстарын енгізулері қажет», - деді Эльмира Суханбердиева елордадағы №59 мектепте өткен қоғамдық тыңдау барысында.

Мұғалім мәртебесі. Заңның қашан қабылданатыны мәлім болды

Осыған дейін мұғалімдер қашан зейнетке шыға алатынын, мұғалімдердің еңбегін заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылатынын жазғанбыз.

Мұғалім мәртебесі. Заңның қашан қабылданатыны мәлім болды

Айта кетейік, өткен жылы Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды.
Ал Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Сенатта өткен Үкімет сағатында аталған заң жобасының дайындала бастағанын мәлімдеген.

Дәурен Ерболат, фото: Нұржас Жақсыбай

Өзгелердің жаңалығы