Лукин сирек металдарды өндіру саласын дамыту туралы ұсыныс айтты

16 Мамыр 2024, 15:47
426
Бөлісу:
Лукин сирек металдарды өндіру саласын дамыту туралы ұсыныс айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенатор Андрей Лукин сирек металдарды өндіру саласын дамыту туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көптеген елдерде сирек және жер астында сирек кездесетін металдар маңызды рөл атқарады және оларға сұраныс ұдайы артып келеді. Болжам бойынша, әлемде оларға 2040 жылға қарай сұраныс 4 есе артатын көрінеді. Қазақстанда бес мыңнан астам барланбаған кен орындары бар және онда құны 46 трлн доллардан асатын осындай металдардың қомақты қоры жатыр. Сенатор Андрей Лукин осы саланың дамуын жеделдету туралы ойларын өзінің депутаттық сауалында жария етті.

Депутат сала мамандары осы металдарды өндіруге деген ынта-ықыласына қарамастан технологияны жақсарту мен инвестиция тарту қажеттігімен қоса проблемаға тап болып отырғанын атап өтті. Үкімет бүгінгі таңда алдағы жылдарға арналған саланы дамытудың кешенді жоспарын әзірлеген болатын. Алайда, сенатордың пікірінше, оны сәтті жүзеге асыру үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет.

Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру процесін оңайлату, кейбір сирек және жер астында сирек кездесетін металдардың тепе-теңдік қорларына қолжетімділікті ашу, инфрақұрылымдық проблемаларды жою, геологиялық барлау жұмысының алаңын ұлғайту, сондай-ақ жаңа технологияны енгізу керек, - деді сенатор.

Депутат сондай-ақ геология және тау-кен өнеркәсібі саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім беру бағдарламаларын жетілдіру арқылы саланың кадрлық әлеуетін күшейтуді ұсынды.

Сонымен қатар инвестиция тарту және технология беру үшін жетекші тау-кен өндіруші елдермен халықаралық байланыс пен ынтымақтастықты нығайту қажет. Салаға отандық және шетелдік инвестиция тарту үшін инвестициялық ынталандыру жасау және салықтық жеңілдік, сондай-ақ басқа да ынталандыру мүмкіндігін қарастыру маңызды, - деді сенатор Андрей Лукин.

Өзгелердің жаңалығы