Лукашенко президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

9 Тамыз 2021, 22:51
2411
Бөлісу:
Лукашенко президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь елінің басшысы Александр Лукашенко алдағы президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді.

INTERFAX-WEST агенттігінің жазуынша, ол алдағы президенттік сайлауда өз тарапынан ешкімді тықпаламауға және өзі де қатыспауға уәде берген.

Егер президент сайлауы болса, қатыспайтынымды, және біреуді президенттікке итермелемейтініме уәде беремін. Мен өзімді барынша адал ұстаймын, - деді Лукашенко.

Сондай-ақ ол алдағы сайлауға кемі бес үміткер түсетінін де атап өтті.

Президенттікке үміткерлер кемінде бес адам болады, мен олардың өмірбаяндарымен танысамын. Кандидаттардың барлығы тең дәрежеде болады. Бірақ прагматик, қарапайым адамдар Беларусьте міндетті түрде жеңеді. Бізде президент болуға дейін өскен 15-20 адам бар. Оларға халық сенеді. Сөзсіз халықтың басым көпшілігі солардың біріне дауыс береді, - дейді Лукашенко.

Өзгелердің жаңалығы