Лукашенко Белоруссия премьер-министрін тағайындап, үкіметтің құрамын бекітті

20 Тамыз 2020, 05:30
1642
Бөлісу:
 Лукашенко Белоруссия премьер-министрін тағайындап, үкіметтің құрамын бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Роман Головченконы елдің премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды БЕЛТА ақпарат агенттігі.

Александр Лукашенко аталған жарлыққа 19 тамызда қол қойды. Сонымен қатар, премьер-министр Ұлттық жиналыс өкілдері палатасының келісімімен тағайындалды.

Президенттің тағы бір жарлығымен үкімет құрамының мүшелері бекітілді.

Айта кетейік, 17 тамызда Беларусь үкіметі жаңадан сайланған президент алдында отставкаға кеткен.

Өзгелердің жаңалығы