Лу Сяобо: Нұр-Сұлтанда карантин ережелері мұқият сақталған

10 Сәуір 2020, 17:45
2218
Бөлісу:
Лу Сяобо: Нұр-Сұлтанда карантин ережелері мұқият сақталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен онлайн-брифинг барысында  Қытай Халық Республикасынан келген инфекционист-дәрігер Лу Сяобо қазақстандық әріптестерінің жұмысына баға берді.

Біз Нұр-Сұлтанға кеше ғана келдік. Алайда, екі күн ішінде қалада карантин ережелері мұқият сақталғанын көріп отырмыз. Бірқатар әріптесіміз бетпердемен жүргенін байқадық. Бүгін, тіпті, бізді осы жерге алып келген көлік жүргізушісі де арнайы киіммен жүргенін көрдік. Әзірге жағдай жаман емес, бұдан кейін де баға беретін боламыз, - деді Лу Сяобо.

Сондай-ақ, ол "коронавирустық инфекцияның инкубациялық кезеңі 37 күнге дейін созылуы мүмкін" деген болжамға, сыналып жатқан дәрілерге қатысты пікір білдірді.

Қазіргі таңда, түрлі клиникалық зерттеуер жүргізіліп жатыр. Түрлі екпелер жасалып, зерттелуде. Инкубациялық кезеңге қатысты айтарым, 37 күнге дейін созылатын жайттар өте аз. Негізгі кезең 14 күн, - деді ол. 

Коронавируспен күресте Қазақстанға көмекке келген қытайлық дәрігер бұған дейін ауруды ерте кезеңнен анықтауға күш салу керектігін айтқан болатын.

Айта кетейік, 9 сәуірде елордаға жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу мақсатында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан 10 дәрігер келген еді. Олар жарты айға жалғасатын іссапар барысында олар коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды диагностикалау, емдеу және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін талқылайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы