Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күші жойылды

7 Қазан 2021, 10:50
2268
Бөлісу:
Astana LRT ісі бойынша сот үкімінің күші жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот алқасы елордада Astana LRT жобасын іске асыру кезінде қаржы жымқыру дерегі бойынша айыпталушыларға қатысты үкімді жойып, заң бұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды. 

Абай Көкжалов Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судьясының шешімін оқыды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылды, - деді ол. 

Айыпталушыларды «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

Өзгелердің жаңалығы