Лоторея кеңсесін тонамақ болған қаскөйдің әрекеті видеоға түсіп қалды

26 Қазан 2019, 09:41
1854
Бөлісу:
Лоторея кеңсесін тонамақ болған қаскөйдің әрекеті видеоға түсіп қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының полицейлері лотореялық кеңсеге жасалған шабуылдың видеосын таратты.

YK-news.kz хабарлауынша, ұрлыққа түсу әрекеті 22 қазан күні болған көрінеді. Күдікті ұсталды. 

22 қазан күні кешке ер адам лотореялық кеңсенің кассасын тонауға әрекеттенді. Сол уақытта кассада шамамен 73 мың теңге болған. 

Кеңсе қызметкері дабыл батырмасына басып үлгерді, алайда қаскөй оны ұрып жіберді. 


Бір қызығы мекеменің күзетшісі ер адамның кассаға қарай секіріп кеткенін көрсе де, біраз уақыт ештеңе болмағандай өз орнынан тапжылмады. 

"Қыран-43" патрульдік экипаждың қызметкерлері бейнежазбаның көмегімен 26 жастағы күдіктіні ұстады. Ол еш жерде жұмыс істемейді. Бұрын сотталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы