Лос-Анджелесте барлық тұрғын үшін үй карантині енгізілді

3 Желтоқсан 2020, 19:15
1202
Бөлісу:
Лос-Анджелесте барлық тұрғын үшін үй карантині енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лос-Анджелес қаласының билігі COVID-19-дың жаңа жағдайларының өсуіне байланысты барлық қала тұрғындары үшін міндетті үй карантинін енгізгенін жариялады.

Қала мэрі Эрик Гарсеттидің қаулысында мегаполистың құлдырау нүктесінде екендігі, ары қарай ауруханаға жатқызуылу керек адамдардың саны аурухана қорының мүмкіндігінен асып түсетіндігі айтылған.

Лос-Анджелесте тұратын барлық адамдар үйде болуға міндетті, - делінген бұйрықта. 

Адамдарға тұрғылықты жерлерінен тек шұғыл қажет болған жағдайда ғана шығуға рұқсат етіледі. Қаулыға сәйкес, қызметкерлердің тікелей қатысуын талап етпейтін барлық кәсіпорындар мен компаниялар өз қызметін тоқтата тұруы керек.

Алайда, қалада медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, жанармай құю бекеттері, автошеберханалар және тағы басқа қызмет көрсетіу орындары жабылмайды. 

Қаулы ережелерін бұзуғандарға айыппұл, тіпті, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы